print

Тараулар

   

  Аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссияларында

2017 жылдың 13 маусымында аудандық Мәслихаттың   тұрақты    комиссияларының  бірлескен отырысы  өткізілді.

Комиссиялар отырысын, комиссия төрағасы А. Балғабек ашып, жүргізіп отырды.

Комиссиялардың отырысына Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Садықов Айдос Қабдуахитұлы, сонымен бірге аудан әкімінің орынбасарлары мен кейбір аудандық мекемелердің  басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы шақырылып,  қатысып отырды.

        Комиссиялар  отырысының қарауына мынандай мәселелер  енгізілді.

        1. Аудандық Мәслихаттың кезекті  он үшінші  сессиясының күн   тәртібінің  жобасы туралы.

        2. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті  бекіту.

        3. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды есебі.

        4. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының Шет ауданының ветеринария бөлімі мен ветеринариялық станциясы  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында жүргізген аудиторлық іс-шараның қорытындысы туралы.

        5. Басқа да мәселелер

        Аудандық Мәслихаттың кезекті  он үшінші   сессиясының күн тәртібі туралы шешімнің  жобасы  қаралып, бірауыздан бекітілді.

      Күн тәртібіндегі  «2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы»  аудандық  экономика және қаржы  бөлімі  басшысының орынбасары Рүстем Ақтанұлы Сүлейменовке  есепті хабарлама жасап, 2016 жылға арналған аудандық бюджет 2015 жылдың 22 желтоқсанында аудандық Мәслихаттың ХХХVI сессиясының №36/306 шешімімен 5 124 473 мың теңге  көлемінде бекітілгенің, оның ішінде:

1) кірістер – 2 194 958 мың теңге, бұның

  • салықтық түсімдер – 2177779  мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 11392 мың теңге;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер–57878 мың теңге;

2) облыстық бюджеттен бөлінген субвенция көлемі – 1 455 627 мың теңге;

3) аудан бюджетіне жоғары бюджеттерден берілетін трансферттер  сомасы – 1 473 888 мың теңге:

4)  Бюджеттік кредиттеу – 89082 мың теңгені жыл бойы бюджет 5 рет нақтыланғанын және 5 түзетулер енгізілгенін, нәтижесінде  2016 жылдың бюджеті 6 070 989 мың теңге көлемінде қалыптасып,  бюджеттің кіріс жағы  2285476,3 мың теңгеге  орындалғанын, жоғары бюджеттерден берілген трансферттер – 2200962 мың теңге көлемінде қалыптасқанын. Бірінші кезекте төлемдер және коммуналдық шығындар 100% қамтылғанын атап өтті.

Бюджет қаражаты мынандай функционалдық топтарға жоспарланып,  жыл аяғына қалыптасқан  бюджет көлемі 6070,9 млн.теңгенің 6010,0 млн.теңгесі игеріліп 99,0% құрағанын,  игерілмей қалған қаржы 60,9 млн.теңге, республикалық трансферт есебінен - 55,5 млн.теңге, облыстық бюджеттен  - 4,8 млн.теңге және 0,6 млн.теңге жергілікті бюджет есебінен екендігіне тоқталды.

Депутаттар Г. Түсіпова, А.Балғабек, Н.Батталов  және Г. Қошқарбаева  ұсыныс-пікірлерін білдіріп, кезекті сессияның қарауына енгізуге қолдау көрсетті.

«2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы»  шешімнің жобасы негізге алынып, бірінші  оқылымда аудандық Мәслихаттың кезекті он үшінші  сессиясының   қарауына енгізу  туралы қаулы қабылданды.

2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Айдос Қабдуахитұлы Садықов корытынды есепті хабарлама жасап, корытынды есебі назарға алынып, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсыну туралы қаулы қабылданды.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық тексерістің іс-шарасының қорытындылары  туралы  аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Амангельды Нәбиұлы Рақымжанов және аудандық ветеринариялық станциясының директоры Жанболат Есенқұлұлы Түсіповтар  хабарламалар жасады.

Депутат Т.Есенқұловтың сұрағына аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А.Рақымжанов түсінікті түрде,  қанағаттанарлық жауабын берді.

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Амангельды Нәбиұлы Рақымжановтың және аудандық ветеринариялық станциясының директоры Жанболат Есенқұлұлы Түсіповтың хабарламалары назарға алынып, тиісті шаралар қабылдау  жөнінде ұсыныс жасалынып,  қаулы қабылданды.

Осымен комиссиялар өзінің отырысын аяқтады.      

Хабарлама  бітті.

Сұрақ қоюларыңызға болады.

Сұрақ немесе басқадай ұсыныс-пікір бола ма? Жоқ.

Тағыда ұсыныс-пікір білдірушілер бола ма? Жоқ.

-3-

 

                                      Құрметті  әріптестер!

Онда «2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы»  шешімнің жобасы айтылған ұсыныс- пікірлерді ескере отырып, негізге алынып, бірінші  оқылымда аудандық Мәслихаттың кезекті он үшінші  сессиясының   қарауына енгізілсін  деген ұсыныс бар. Басқадай пікір бола ма?

      Жоқ.

      Дауыска қоямын.

      Қім  қолдайды?

      Кім қарсы, қалыс қалды ?

      Жоқ.

      Қабылданды.

 

                                      Құрметті  әріптестер!

Сөз 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы корытынды есеп жасау үшін Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Айдос Қабдуахитұлы Садықовқа беріледі.

Хабарлама бітті.

Сұрақ немесе басқадай ұсыныс –пікір бола ма?(Жоқ).

Тағыда сұрақ  бола ма?

Жоқ.

Онда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  Айдос Қабдуахитұлы Садықовтың корытынды есебі назарға алынсын деген ұсыныс бар.

Басқадай пікір бола ма?

Онда дауыска қоямын.

      Қім  қолдайды?

      Кім қарсы, қалыс қалды ?

      Жоқ.

      Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының корытынды есебі назарға алынады және аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылады.

                     

                             Құрметті комиссия мүшелері ! 

 

Күн  тәртібіндегі келесі мәселені қарауға кіріспестен бұрын мынандай мәселеге келісіп алсақ. Аудандық ветеринария бөлімі

-4-

 

басшысы мен ветеринариялық станциясы директорының хабарламасын кезектесіп тыңдап, содан кейін талқылауға көшсек деген ұсыныс бар.

Басқадай пікір бола ма? Жоқ.

Қабылданды.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық тексерістің іс-шарасының қорытындысы туралы Сөз аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Амангельды Нәбиұлы Рақымжановқа беріледі. Хабарлама бітті.

Сөз Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық тексерістің іс-шарасының қорытындысы туралы  аудандық ветеринариялық станциясының директоры Жанболат Есенқұлұлы Түсіповқа беріледі. Хабарлама бітті.

Сұрақтарыңыз немесе басқадай пікірлеріңіз бола ма? (Жоқ).

Тағыда кімде қаңдай сұрақ болады. Жоқ.

Осы мәселелер бойынша ұсыныс – пікірлерін білдірушілер бола ма? Жоқ.

Онда  аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Амангельды Нәбиұлы Рақымжановтың және аудандық ветеринариялық станциясының директоры Жанболат Есенқұлұлы Түсіповтың хабарламалары назарға алынсын деген ұсыныс бар.

Басқадай пікір бола ма?

Жоқ.

Дауыска қоямын.

Қім  қолдайды?

Кім қарсы, қалыс қалды ?

Жоқ. Қабылданды

 

                                      Құрметті  әріптестер!

 

 Аудандық Мәслихаттың кезекті он үшінші  сессиясының күн тәртібінің жобасына енгізіліп отырған   жекелеген мәселелер

бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныс-пікірлеріңіз бола ма?

Жоқ.

 

 

-5-

 

                                Құрметті комиссия мүшелері !

 

Күн тәртібіндегі ұсынылған мәселелер толықтай қаралып бітті, басқадай ұсыныс-пікір  немесе сұрақ  болама? Жоқ.

Онда  аудандық Мәслихаттың тұрақты  комиссияларының  отырысын жабық деп жариялаймын.  

 

                                                        

Комиссия төрағалары                             Қ.Қошкарбаева

 

                                                                     А.Балғабек


Келулердің саны: 8477