print

Жарияланған күні: 2021 жылғы 11 қаңтар

 

2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Шет аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 26043 азамат енгізіліп, оның ішінде 20332 адам немесе 77,67 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 20228 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 6 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 221 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы - 15205 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 75,96 %;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3251 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,24%;

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» – 1250 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,24 %;

«ADAL» Саяси партиясы – 310 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,55 %.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы – 10 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 мандат.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ


Келулердің саны: 330