print

Состав постоянных комиссий

 

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2021 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.

Тұрақты комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері және аудандық мекеме басшылары онлайн режимде қатысып отырды.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында мынадай мәселелер ұсынылды.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясының күн тәртібінің жобасы туралы;
  2. Аудан мекемелерінің қысқа дайындық жұмыстары туралы;
  3. Аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жай-күйін экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келтіру туралы;
  4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІV- сессиясының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/403 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы.

Аудан мекемелерінің қысқа дайындық жұмыстары бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының м.а. Ж.А.Амантай хабарлама жасады.

Депутаттар тарапынан кент және ауылдық округтер әкімдіктеріне түсірілген көмір сапасы жөнінде және Ақжал кентіндегі жылу құбырының жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмай тұрғаны айтылды. Жылу маусымына жауапты бөлім басшыларына және әкімдерге жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізу керектігі тапсырылды.

Комиссия отырысында қаралған кезекті мәселе «Аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жай-күйін экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келтіру туралы» аудан әкімінің орынбасары М.Б.Жумкин хабарлама жасады.

Тұрақты комиссия отырысында қаралған тағы бір мәселе «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІV- сессиясының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/403 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ж.Жонкина хабарлама жасады.

Тұрақты комиссия отырысында жоғарыда аталған мәселелер қаралып, талқыланып, аудандық мәслихаттың кезекті жетінші сессия қарауына ұсынылды.

Тұрақты комиссия отырысының бірлескен отырысы өзінің жұмысын аяқтады.

        

        


Келулердің саны: 451