print

...

Жаңа жыл қарсаңында Киікті ауылында белгілі сазгер, ауыл тумасы С.Мұхамеджанов атындағы жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім нысанының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары А.Нүкенов, аудандық мәслихаттың хатшысы, «Nur Otan» партиясының депутаты Б.Төлеуқұлов, аудан әкімі М.Мұхтаров қатысып, жиналған жұртты білім ордасының ашылуымен құттықтап, 10 млн теңгенің сертификатын тапсырды. Мектеп құрылысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы:Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында жүргізілді. Білім ұясы 150 орынға лайықталған заман талабына сай пәндік кабинеттер, мәжіліс пен спорт залдары, асхана, медициналық бөлме бар. Барлығы қажетті құрал - жабдықтармен толықтай қамтылған. Партияның сайлауалды бағдарламасы баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және білімді ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар деп 4 тарауға бөлінген. Оның аясында білім мен денсаулық сақтау, білім беру  сапасы, бизнесті дамыту сынды 83 көрсеткіш бар. «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі Жол картасында көрсетілген іс-шаралар ауданымыздың әрбір ауылын, әрбір азаматын қамтып, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық бағыттарға жаңа серпін береді.


Келулердің саны: 39