print

Шет аудандық мәслихаты Шет ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 9 адам, оның 3-і – мемлекеттік органдар өкілдері, 6-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін:

1)  үлгі бойынша өтініш (үлгі аудандық мәслихаттың сайтында: www.shetmaslihat.gov.kz);

2)  коммерциялық ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Кандидат соттылығы болмауы, психологиялық ауруы, нашақорлық және уытқұмарлық бойынша есепте тұрмауы тиіс.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2022 жылдың 6 қаңтарына (қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: Электрондық мекен-жай: shet-maslihat@mail.ru

Байланыс телефоны: 8(7212) 21-8-27

ӨТІНІШ  (файл docx 20 kb)


Келулердің саны: 54