print

...

Аталмыш жиында "Nur Otan" партиясының депутаты, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Төлеуқұлов және аудан әкімі М.Мұхтаров аудан тұрғындарын халқымыздың қасиетті мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ел дамуына айрықша үлесін қосып жүрген бір топ азаматтарды марапаттады. Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының «Құрмет грамотасымен» "Nur Otan" партиясының депутаты, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Төлеуқұлов, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының «Алғыс хатымен» "Nur Otan" партиясының депутаты Г.А.Түсіпова марапатталды. Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай белсенді депутаттық қызметі үшін "Nur Otan" партиясының депутаты А.М.Секербекова ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді депутаттық қызметі үшін "Nur Otan" партиясының депутаты К.С.Қошқарбаева «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен» марапатталды. Тәуелсіздік жылдары аймақ дамуына үлесін қосып, депутаттық қызметін белсенді атқарғаны үшін "Nur Otan" партиясының депутаты Ғ.А.Мукушев аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. "Nur Otan" партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау аясында аянбай еңбек етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап жүрген депутаттардың еңбектері еленіп, жұмыстары бағаланды. Марапаттау рәсімінен кейін мәдениет саласының қызметкерлері мен өнер мектебі шәкірттерінің қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жиналған көрермендердің көңілінен шықты.

0


Келулердің саны: 51