print

...

   Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 - жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді.

   Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін. Бүгін біз жерінің асты байлыққа, үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздік күнін зор қуанышпен атап өтіп отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілеймін.

   Жасампаз елі жарқын болашаққа бет алған Тәуелсіз Қазақстанның жолы болсын! Ұлы еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

                                                 Шет аудандық мәслихатының хатшысы - Б.Төлеуқұлов.


Келулердің саны: 72