print

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2021 жылдың 6 желтоқсанында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы онлайн режимде өткізілді.

Тұрақты комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме басшылары қатысып отырды.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында мынадай мәселелер ұсынылды.

1. Аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы   сессиясының күн   тәртібінің  жобасы туралы.

2. «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасы туралы»

3. Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің (әкімдері аппаратының) 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттерінің жобасы туралы.

 

Комиссиялар отырысының күн тәртібі қаралып, ұсынылған жобада бекітілді.

Күн тәртібіндегі екінші мен үшінші мәселелер бойынша «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасы туралы» және «Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің 2022-2024 арналған бюджеттерінің жобасы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жонкина хабарлама жасады.

2022 жылға арналған жергілікті бюджеттің барлық көлемі 10 190 073 мың теңге сомасында жоспарлануда. Оның ішінде кірістер 4 253 343 мың теңге. Субвенция – 5936730 мың теңге, ағымдағы  шығыстар 3 277 520 мың теңге, күрделі шығыстар – 39 934 тыс.тенге, даму бюджеті – 149 475 тыс.тенге екенің айтып өтті.

Комиссия отырысында депутаттар Б.Төлеуқұлов, Г.Түсіпова келесі жылдың  облыстық, республикалық бюджеттерден бөлінетін трансферттер көлемі туралы, Бұрма, Ақой ауылдарының ауыз су құбырының құрылысы жайында. Ақадыр кентіндегі құрылысы тоқтап тұрған 2 көп қабатты үй мен тұрмыстық және қатты қалдықтар полигоны туралы мәселелер көтерді.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев көтерілген мәселелер жайында түсініктеме берді.

Тұрақты комиссиялардың отырысында жоғарыда аталған мәселелер қаралып, талқыланып, аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессия қарауына ұсынылды.


Келулердің саны: 69