print

2021 жылдың 29 маусымында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Әділхан Смағұлұлы онлайн режимде жүргізіп отырды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінен басқа бұл отырысқа кейбір аудандық мекемелердің басшылары шақырылған.

Аудандық Қоғамдық кеңесінің күн тәртібіне мынандай мәселелерді қарау ұсынылды.

  1. Аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға жасалып жатқан әлеуметтік көмек туралы.

       2. Басқа да мәселелер.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айдын Сабырұлы Төлеуов есепті хабарлама жасай келе,

аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 82 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 11 млн. 355 мың 320 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде: шартты ақшалай көмек бойынша – 61 өтініш беруші, 315 алушы – 7 млн. 765 мың 742 теңге, шартсыз ақшалай көмек бойынша – 21 өтініш беруші, 86 алушы – 3 млн. 589 мың 578 теңге. Ал, 17 отбасыға жан басына шыққандағы табыстары асып кетуіне және басқа да себептерге байланысты атаулы әлеуметтік көмек бас тартылды.

2 тоқсанда сәуір және мамыр айына 76 отбасыға тағайындалып, 6 млн. 237 мын 043 теңге төленді. Оның ішінде: шартты ақшалай көмек – 55 өтініш беруші, 294 алушы – 3 млн. 780 мың 289 теңге, шартсыз ақшалай көмек – 21 өтініш беруші, 86 алушы – 2 млн. 456 мың 754 теңге. Ал, 3 отбасыға жан басына шыққандағы табыстары асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек бас тартылды.

Маусым айына төлем шілде айының басында жүргізіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 1 жастан 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға заңнамамен белгіленген кепілдендірілген әлеуметтік жиынтығы беріледі.

2021 жылдың І тоқсанында 1-3 жас аралығындағы 43 бала, 3-6 жас аралығындағы 47 бала, жалпы 90 балаға 1 млн. 762 мың 552 теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік жиынтығы берілді. ІІ тоқсанда сәуір және мамыр айына 1-3 жас аралығындағы 39 бала, 3-6 жас аралығындағы 58 бала, жалпы 97 балаға 1 млн. 108 мың 208 теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік жиынтығы берілді.

Сонымен қоса, бюджеттен тыс «Қазахмыс» корпорациясымен бірігіп «Халық банк» акционерлік қоғамы және «Аяла» қоры «Азық-түлік пакеттері – 2021» акциясы аясында 2021 жылдың наурыз және мамыр айларында барлық атаулы әлеуметтік көмек алатын, яғни аз қамтылған отбасыларға 5 тонна азық-түлік жиынтығы таратылды.

Қосымша демеушілердің тарапынан аз қамтылған отбасыларға мерекелік күндері азық-түлік жиынтығымен, ет өнімдерімен, көмірмен басқа да түрлермен әлеуметтік көмектер көрсетіліп тұрады.

Қоғамдық кеңестің мүшелері: Б. Жумкин, Г.Ахметова   тыңдау барысында өз ой-пікірлерін білдіріп, аз қамтылған отбасыларға жасалып жатқан әлеуметтік көмек туралы халықтың алаңдатушылығын тудыратын мәселердің жеткілікті екенін, сонымен қатар келесі қоғамдық кеңесте қаралатын күн тәртібіне қойылатын мәселелердің нақтылансын деген ұсыныс білдірді.

Қоғамдық кеңестің алдағы отырысының қарауына ұсынылатын мәселе қаралып, талқыланып белгіленді. Қоғамдық кеңестің жұмысын төраға Ә. Смағұлұлы қорытындылады.


Келулердің саны: 85