print

2021 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14 және 15 баптарына сәйкес, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы онлайн режимде өткізілді.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мекемелердің басшылары шақырылып қатысып отырды.

Комиссиялар отырысының қарауына мынадай мәселелер енгізілді.

   1. Аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының күн   тәртібінің жобасы туралы;

  2. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және атқарған жұмыстары туралы;

   3. Аудандық мәслихат хатшысының 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;

   4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІV- сессиясының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/403 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

   5. «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қырық төртінші сессиясының «Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы» №44/404 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Комиссиялар отырысының күн тәртібі қаралып, ұсынылған жобада бекітілді.

Аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының   күн тәртібі талқыланып, белгіленген   жобада бекітіліп және сессияның қарауына ұсынылуы туралы қаулы қабылданды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және атқарған жұмыстары туралы хабарламаны  ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самат Аманжолұлы Ахмедия жасады.

Депутат Б.Төлеуқұлов Кеншоқы ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы айтып өтті.

Депутат Қ.Қошкарбаева Бұрма ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратындағы су құбыры мен жылыту қазандығы жайында, Еркіндік елді мекеніндегі мәдениет үйінің құрылысы, Өспен ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары туралы мәселе көтерді.

Депутат М.Нөкеш Ақшатау мәдениет үйінің ғимаратының жөндеу жұмыстары, Ақжал кентіндегі шағын аудан жолдарының жөндеу жұмыстары туралы сұрақтар қойды.

А.Әбілдин, аудан әкімінің орынбасары, депутаттардан түскен сұрақтарға

жауап бере келіп, 2020 жылы Дария елді мекенінде мәдениет үй ашылғаның, «Ауыл-Ел бесігі» бойынша құжаттар дайын болса, 2022 жылы Красная Поляна, Мойынты, Батық елді мекендеріндегі мәдениет үйлерінің ғимаратына қүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Аудандық мәслихат хатшысының 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы» есебі жайлы аудандық мәслихаттың хатшысы Бәкен Төлеукұлұлы қысқаша хабарлама жасады.

Аудандық мәслихат хатшысының 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі назарға алынып, аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының қарауына енгізу туралы ұсыныс жасалды.

Күн тәртібіндегі «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қырық төртінші сессиясының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/403 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы және «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қырық төртінші сессиясының «Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы» №44/404 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы   хабарламаларды ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маркеш Жекенқызы Жонкина жасады.

Депутаттар Б.Төлеуқұлов., К.Қошқарбаева., М.Нокеш., А.Секербекова., Г.Түсіпова бөлінген қаражаттардың дұрыс нақтыланғаның, тағыда басқа мәселелер бойынша қаржы қарастыру керектігін атап өтті.

«Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қырық төртінші сессиясының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/403 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы және «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қырық төртінші сессиясының «Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы» №44/404 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы шешімдердің жобалары  айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, негізге алынып, бірінші оқылымда аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының қарауына ұсынылды.

Депутаттардан түскен сұрақтарға ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маркеш Жекенқызы Жонкина жауап берді.

Комиссиялар отырысында басқа да мәселелер қаралып, талқыланып тиісті қаулылар қабылданды.


Келулердің саны: 188