print

...

Аудандық мәслихаттың кезекті ІV-сессиясы туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2021 жылдың 13 сәуірде аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы   шақырылды.

Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың хатшысы, сессия төрағасы Бакен Төлеуқұлұлы ашып, жүргізіп отырды.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері,   және аудандық мекеме басшылары, сонымен қатар саяси партиялардын құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары шақырылды және онлайын режимде қатысты.

Сессия жұмысына аудан әкімі Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы қатысып отырды.

Аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының қарауына мынандай мәселелер ұсынылды.

1. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және атқарған жұмыстары туралы;

2. Аудандық мәслихат хатшысының 2020 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі;

3. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІV- сессиясының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/403 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІV- сессиясының «Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/404 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;

6. Шет ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы туралы;

7. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының «Шет ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемасын) және жер

салығының мөлшерлемерін жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы» №21/179 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

8. Шет аудандық мәслихатының шешімнің күші жойылды деп тану туралы;

9. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223 «Әлеуметтік көмек қөрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

10. Шет ауданының елді мекендерінің дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарды) бекіту туралы;

11. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 наурыздағы ХХVІІІ-сессиясының «Шет ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» №28/248 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

12. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы ХХVІІ сессиясының «Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» №27/245 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

13. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы ХХVІІ сессиясының «Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» №27/245 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

14. Аудандық мәслихаттың V-сессиясының күн тәртібі туралы;

15. Аудандық мәслихаттың V-сессиясының төрағасы туралы;

16.Аудандық мәслихаттың V-сессиясының редакциялық комиссиясы туралы.

  Күн тәртібіндегі «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және атқарған жұмыстары туралы» ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.А. Ахмедия баяндама жасап, аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында атқарылып жатқан нақтылы жұмыстарға тоқтала келіп, Шет ауданының мәдениет саласының инфрақұрылымын 55 объекті құрайды. Оның ішінде, 25 мәдениет және клубтық үйлері (1 автобус, 1 «Зерде» бейнемобилі), 28 кітапхана, оның ішінде 9-ы «Жаңа үлгідегі» кітапханалар және 1 мұражай және 1 мұражай филиалы өз қызметтерін көрсетеді.

2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі Шет аудандық мәдени-сауық орталығына қарасты Дәрия кенттік мәдениет үйі ашылды.

2020 жылы «Тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығы» КММ Қарағанды облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, есепке алу, ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

2020 жылы 13 тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Олардың ішінде Шет ауданында Талды тарихи-археологиялық паркінің аумағындағы 5 ескерткіш (қола, ерте темір, түркі дәуірінің қорғандары, қорымдары, қоршаулары) қайта қалпына келтірілді.

Дегенмен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша өлкетану материалдарының электрондық нұсқасын жасау бағытында жұмыстарды жетілдіру мүмкіндігі толығымен қолға алынбай отыр. Ауылдық кітапханалардың компьютерлік базасы ескірген және Интернет жүйесімен жұмыс атқару қолайсыз болып отыр.

Депутаттар Б.Төлеуқұлов, А.Амангельдин, М.Нокешовтар аудан аумағында мәдениет саласы бойынша нәтижелі жұмыстары мен жетістіктердің барлығын көрсете отырып, Батык, Ортау, Қызылтау, елді мекендерінде мәдениет үйінің жоқ екенің келешекте сол елді мекендерінде мәдениет үйінің ғимаратын салу жөнінде мәселе көтерді, сонымен қатар

Ақшатау, Өспен, Қызылғой ауылдарында мәдениет үйлерінің ғимаратына қүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу кажет ететіні тілге тиек етті.

Сессия жұмысы барысында депутаттар тарапынан түскен сұрақтарға аудан әкімі М.Мұхтаров нақтылы деректерді және айғақты дәлелдерді келтіріп, қолда бар фактілерге сүйене отырып, кейбір мәселелерді шешуге қатысты өзінің көзқарасын білдіріп, түсініктемелер жасап, дағдарыстың себеп –салдарынан құрылыс салаларын қаржыландыру оның ішінде кейбір нысандарының уақытша тоқтатылатындығы туралы пікірін айтты.

Депутаттар аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлұлының 2020 жылғы атқарған жұмыстарының есебін қанағаттанарлық деп бағалап, назарға алу туралы ұсыныс жасады.

Аудандық мәслихаттың сессиясында «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІV- сессиясының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/403 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», « Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІV- сессиясының «Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №44/404 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» және «Шет ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы туралы»   мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор менгерушісі Р. А. Сүлейменов хабарлама жасады.

Депутаттар Б.Төлеуқұлов Ақшатау елді-мекеніндегі мәдениет үйінің ғимаратына жобалық-сметалық құжаттарды дайындап, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе деп, Ж.Сағадиев «Нұр Отан» партиясының ғимаратына қаржы қарастырып орташа жөндеу жұмыстарын қарастыру кажет ететінін айтты.

Сессияда қаралған «Шет ауданының елді мекендерінің дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарды) бекіту туралы» ауданның сәулет және қалақұрылыстары бөлімінің басшысы Р.Ө.Төлеуова хабарлама жасады.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынаң депутат О.К.Сейлбеков, сессияда қаралып отырған елді мекендердің оңайтылған бас жоспарды бекіту туралы мәселесі бойынша, қоғамдық тындауда қарау керектігін және  аудандық кәсіпкерлер палатасымен келісу кажет екенін атап өтті.

Сессияның қарауына енгізілген басқада мәселелер қаралып, талқыланды.

Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жөнінде айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, шешімдер қабылданып, бекітілді.

Аудандық мәслихаттың кезекті V-сесссиясының төрағасы болып «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынаң сайланған депутат Сейлбеков Олжас Куаныштайұлы сайланды.              


Келулердің саны: 174