print

2021 жылғы 24 ақпанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14 және 15 бабтарына сәйкес, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы онлайын режимде өткізілді.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына аудандық мәслихаттың хатшысы Бәкен Төлеуқұлов қатысып отырды.

Комиссиялар отырысына аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мекемелердің басшылары шақырылып қатысып отырды.

Комиссиялар отырысының қарауына мынандай мәселелер енгізілген.

 1. Аудандық мәслихатың экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, заңдылық пен құқық қорғау және әлеуметтік – мәдени салалар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;

2. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223 «Әлеуметтік көмек қөрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

3. Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі ІІ сессиясының «Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Басқа да мәселелер.

Комиссиялар отырысының күн тәртібі қаралып, ұсынылған жобада бекітілді.

Аудандық мәслихаттың экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, заңдылық пен құқық қорғау және әлеуметтік – мәдени салалар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, белгіленген   жобада бекітіліп және қаулы қабылданды.

Күн тәртібіндегі « Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223 «Әлеуметтік көмек қөрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі ІІ сессиясының «Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор менгерушісі Әлібек Елубекұлы Кулсаров хабарлама жасады.

Депутаттар «Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223 «Әлеуметтік көмек қөрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі ІІ сессиясының «Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімдердің жобалары  негізге алынып, бірінші оқылымда аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының қарауына ұсынылды.

Комиссиялар отырысында басқа да мәселелер қаралып, талқыланып тиісті қаулылар қабылданды.

Осымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы аяқталды.


Келулердің саны: 237