print

2021 жылдың 15 қаңтарында аудандық сайлау комиссиясы жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың ұйымдастыру сессиясың шақырды.

Сессия жұмысын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Мейрамбекұлы Мұхабаев ашып, жүргізіп отырды.

Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы Мұхтаров жаңадан сайланған депутаттар құрамына зор табыс, жемісті еңбек тіледі.

Алғаш рет аудандық мәслихат депутаттығына сайлау партиялық тізімдерді ұсыну бойынша, сондай-ақ әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерде 30 пайыздық квотаны сақтап отыр. Аудандық мәслихаттың жаңа құрамы екі партиядан тұрады. Жалпы, депутаттық корпусты түрлі мамандықтағы адамдар қалыптастырды.

Олардың араларында мұғалімдер, кәсіпкерлер, инженерлер бар.

Бірінші ұйымдастыру сессияда аудандық мәслихаттың хатшысы болып Бакен Төлеуқұлов қайтадан сайланды. Оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ екі тұрақты комиссияның құрамы сайланды:

-  экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, заңдылық пен құқық қорғау және әлеуметтік салалар бойынша;

-  құрылыс, автокөлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология бойынша.

Сессия барысында «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихатының депутаттық фракциясы тіркелді.

Алдыңғы VІ-шы шақырылымда аудандық мәслихатта 14 депутат болса бұл жолы олардың саны 2 мандатқа қысқарды. Осылайша жалпы 12 депутат сайланды. 10 мандатты «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» партиясы екі мандатқа иеленді. Аудандық мәслихаттың құрамы 50%- ке жаңартылды.

Депутаттар келесі екінші сессияда мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және атқарған жұмыстарын талқылайтын болды.


Келулердің саны: 85