print

2020 жылдың 5 қарашасында аудан әкімнің ұсынысы бойынша алтыншы шақырылған аудандық Мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясы шақырылды.

 Сессия жұмысын аудандық мәслихат хатшысы, сессия төрағасы Б.Төлеуқұлов онлайн арқылы ашып, жүргізіп отырды.

Депутаттардан басқа бұл сессияға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекеме басшылары шақырылған.

Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясының қарауына мынандай мәселелер ұсынылды.

 1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ХХХV- сессиясының «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35/316 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы.

2. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ХХХV- сессиясының «Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы» №35/317 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы ХХVІІ сессиясының «Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» №27/245 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессияның күн тәртібін депутаттар қарап, талқылап бірауыздан қолдау көрсетіп бекітті.

«Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ХХХV- сессиясының «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35/316 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маркеш Жекенқызы Жонкина хабарлама жасай келе, аудандық бюджетте бағдарлама бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемделген және жыл аяғына дейін игерілмей кері қайтарылған қаржылар есебінен жүргізіліп отырғанын, қаржының барлығы – 70531 мың теңге: білім бөліміне, оның ішінде, мектептердің жылу қазандығына, мектептерге дәретхана салуға -10296 мың теңге, жалақыға -4991 мың теңге; Үңірек ауылына оның ішінде Құттыбай ауылына көше жарығын орнатуға – 3395 мың теңге, мәдениет үйін жөндеуге -9460 мың теңге; Босаға ауылына қосымша су құбырын іске қосуға – 8120 мың теңге; С.Сейфуллин кентіне кәріз-су құбырларын жөндеуге – 4700 мың теңге, жер құжаттарын рәсімдеуге -3800 мың теңге; ауыл, кент әкімдеріне желтоқсан айында қар тазалауға – 3300 мың теңге, сондай-ақ тағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт, мемлекеттік сатып алу бөлімдері мен жекелеген кент және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарына қажеттілікке және сұранысқа қарай қаржы қарастырылғанын атап өтті.

Аудандық 2020-2022 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешімнің жобасы тұрақты комиссияда талқыланып, бірауыздан қабылданып, бекітілді.

Сессия барысында депутат Б.Төлеуқұловтың сұранысы бойынша «Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ одағы» қоғамдық бірлестігінен түскен «Педагог мәртебесі туралы» мәселесі қаралып, бұл сұраққа аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жонкина нақтылы, дәйектерді келтіре отырып, түсінікті түрде, жауап берді.

Сессияда күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қаралып, талқыланып тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия осымен өзінің жұмысын аяқтады.


Келулердің саны: 2448