print

...

2020 жылдың 28 тамызында аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясы   шақырылды.

Сессия жұмысын депутат, сессия төрайымы Айгуль Мухамедқадрқызы Секербекова ашып, жүргізіп отырды.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары,   аудандық мекеме басшылары шақырылды.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясының қарауына мынандай мәселелер ұсынылды.

1. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы.

2. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ХХХV-сессиясының «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35/316 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы.

3. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ХХХV-сессиясының «Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы» №35/317 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы.

4. Шет ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы.

5. Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХІІ-сессиясының төрағасы туралы.

Депутаттар сессияның күн тәртібін бірауыздан қолдап, бекітті.

Бірінші мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Мейрамбекұлы Мухабаев №7 Тағылы сайлау округінен депутат Р.Шакиржанованың қайтыс болуына байланысты депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді.

-2-

  Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маркеш Жекенқызы Жонкина көрсетілген негізгі мәселелер бойынша хабарлама жасай келе, 2020 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау үнемделген қаржылар есебінен жүргізіліп, отырғанына тоқталып, Ақсу-Аюлы ауылындағы кәріз жүйесі құрылысынан 9500 мың тенге, Ақадыр кентіндегі жатахананың құрылысынан 9000 мың тенге, мәдени –сауық орталығынан автокөліктер сатып алудан 18000 мың теңге, абаттандырудан 19000 мың теңге, 500 мың теңге жобалау сметалық құжаттардан, 121208 мың теңге білім бөлімінен, 3239 мың теңге спорт саласынан, 9000 мың теңге Ақсу-Аюлы ауылындағы инженерлык коммуникация дамытуға арналған жобалык –сметалык құжаттарынан , сонымен қатар басқада кент және ауылдық округ әкімдері аппатарына мен аудандық мекемелерге қажеттіліктері мен сұраныстарына қарай қаржы қарастырылғанын айтып, барлық нақтыланған қаржының мөлшері 197447 мың теңгені құрайтынын атап өтті.

Депутаттар Б.Төлеуқұлов, Г.Қошкарбаева ұсыныс-пікірлерін білідіріп, мәселелерді шешу үшін қаржы қарастыру қажеттігін айтты.

Сессия жұмысы барысында депутаттар тарапынан түскен сұрақтарға аудан әкімінің орынбасарлары К.Нөкеш,А.Әбілдин, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жонкина көтерілген және айтылған мәселелер аудандық атқарушы органдардың тікелей бақылауында болатынын сенім білдірді.

Сессияда 2020 жылға арналған аудандық бюджетке және ауылдық округ және кенттерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасы негізге алынып, айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, толықтырып бекіту туралы шешім қабылданып, бекітілді.

Аудандық мәслихаттың кезекті қырық екінші сессиясының төрағасы болып №14 Ақадыр сайлау округінен депутат Ғарифулла Аманбайұлы Мукушев сайланды.

Осымен сессия өзінің жұмысын аяқтады.

Аудандық мәслихаттың  кезектен тыс  ХХХХІ-сессиясы туралы  АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР


Келулердің саны: 48