print

2020 жылдың 23 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың кезекті қырық екінші сессиясы шақырылды.

Сессия жұмысын депутат, сессия төрағасы Ғарифулла Аманбайұлы Мукушев ашып, жүргізіп отырды.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме басшылары, Қоғамдық кенестің төрағасы мен мүшелері, сонымен қатар саяси партиялардын құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары шақырылды.

Сессия жұмысына аудан әкімі Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы қатысып отырды.

Аудандық мәслихаттың кезекті қырық екінші  сессиясының қарауына мынандай мәселелер ұсынылды.

1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

2. Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсптік       кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның аудан көлемінде орындалысы туралы .

3. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы ХХVІ-сессиясының «Шет ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» №26/228 шешімінің орындалу барысы туралы.

4. Шет ауданындағы С.Сейфуллин кентінің, Ақшоқы ауылындағы , Үңірек және Сарыши елді-мекендерінің жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту туралы.

5. Шет ауданының елді мекендерінің дамыту және салу схемасын бекіту туралы.

6.Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы.

-2-

7. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы ХХVІІ сессиясының «Аудандық учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» №27/245 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8. Шет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

9. Аудандық мәслихаттың ХХХХІІІ-сессиясының күн тәртібі туралы.

10.Аудандық мәслихаттың ХХХХІІІ-сессиясының төрағасы туралы.

11.Аудандық мәслихаттың ХХХІІІ-сессиясының редакциялық комиссиясы туралы.

   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Шет ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы» аудан әкімі Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы есепті баяндама жасап, ауданның әлуметтік-экономикалық және басқа да салаларының жалпы жағдайына талдау жасап, аудан аумағында атқарылған және жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда барлық салада ілгерлеушілік барын экономиканың дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

   Қаралып отырған мәселе бойынша депутаттар Б.Төлеукұлов,Қошқарбаева К., Секербекова А, Түсіпова Г. ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық және басқада салаларының қарқынды дамуда екенімен ойларын бөлісіп, халықтың ойынан шығатын игілікті жұмыстардын іске асырылғанын, аудан бойынша 62 білім беру ұйымдарының 100 пайызы бейнебақылау камераларымен жабдықталғаның, қашықтықтан білім алатын оқушыларды компьютер мен ноутбуктер камтамасыз етілгенің, мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенің, Ақсу-Аюлы, Ақадыр, Ақжал, С.Сейфуллин, Ақшатау, Мойынты, Батық,

-3-

Нұраталды, Талды, Ақой елді мекендерінде ішкі көше жолдары асфальтталып, елді мекендерінде абаттандыру мен жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, сонымен бірге денсаулық, мәдениет, ауылшаруашылығы және басқада салаларда жеткен жетістіктерге тоқталды.

Сессияда «Аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы Мұхтаровтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» қанағаттанарлық деп бағаланып назарға алынсын деген шешім қабылданды.

Сессияда күн тәртібіне енгізіліп басқада мәселелер қаралып, талқыланып тиісті шешімдер қабылданып бекітілді.

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХІІІ-сессиясының төрағасы болып №2 Жанқұтты сайлау округінен сайланған депутат Бакен Төлеуқұлов сайланды.

Осымен сессия өзінің жұмысын аяқтады.


Келулердің саны: 62