print

2020 жылдың 24 маусымында аудандық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясы шақырылды. Сессия жұмысын депутат, сессия төрайымы Түсіпова Гүлдария Әйкенқызы ашып, жүргізіп отырды.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекеме басшылары, кейбір кент және ауылдық округ әкімдері, сонымен қатар саяси партиялардын құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары шақырылған.

 Сессия жұмысына аудан әкімі Мұхтаров Мухит Сайлауұлы қатысып отырды.

 Аудандық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясының қарауына мынандай мәселелер ұсынылды.

1. 2019 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды есебі.

2. 2019 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.

3. 2019 жылғы Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің бюджеттерінің орындалу туралы есепті бекіту.

4. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 наурыздағы ХХVІІІ-сессиясының «Шет ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» №28/248 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.    

5. Басқада мәселелер.

Сессияның күн тәртібі қаралып, бекітілді. Күн тәртібіндегі «2019 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту» және «2019 жылғы Шет ауданының ауылдық округ және кенттерінің бюджеттерінің орындалу туралы есепті бекіту туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маркеш Жекенқызы Жонкина баяндама жасап, 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуына кең көлемде талдау жасап, бюджеттің барлық салалары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауданның 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына сәйкес, бюджеттің кірісінің түсімдері орындалғанын, сондай-ақ, шығыстарының атқарылу процестері толықтай қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Депутаттар Қ.Тойымбеков, Г.Тағаева, Ж.Джауенова және аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Төлеуқұлов сессия қарауына енгізіліп отырған мәселелерге өздерінің ұсыныстарын білдірді.

Бұдан соң, аудан әкімі Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы қысқаша түсініктеме жасап, депутаттар тарапынан түскен сұрақтарға жауабын берді.

Сессияда күн тәртібіне енгізілген басқада мәселелер қаралып, талқыланды.

Сессия жұмысы барысында барлық қаралған мәселелер бойынша шешімнің жобалары негізге алынып, айтылған ұсыныс пікірлер ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданып, бекітілді.

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХ–сессияның төрайымы болып №4 Красная Поляна сайлау округінен депутат Секербекова Айгуль Мухамедкадрқызы сайланды.

Осымен сессия өзінің жұмысын аяқтады.


Келулердің саны: 135