print

...

2020 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14 және 15 бабтарына сәйкес, тұрақты комиссиялардың отырысы өткізілді. Тұрақты комиссиялар отырысын комиссия төрайымы Г.Қошқарбаева ашып, жүргізіп отырды.

Комиссиялар отырысына аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мекемелердің басшылары қатысып отырды.

         Комиссия отырысының қарауына мынандай мәселелер ұсынылды.

         1. Аудандық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясының күн   тәртібінің жобасы туралы.

         2. Аудан аумағында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалу барысы туралы.

         3. Аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

         4. Басқа да мәселелер

Күн тәртібіндегі «Аудан аумағында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалу барысы туралы» ауданның құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Азаматұлы Серік және ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дархан Бекдарұлы Смайловтар хабарлама жасап, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға кең көлемде, жан-жақты тоқталып, депутаттар Б.Төлеуқұлов, Ғ.Мукушев, Г.Тағаева, Г.Түсіпова және Ж.Джауеновалардан түскен   сұрақтарға толық, қанағаттанарлық жауаптарын берді.

Аудандық мәслихаттың хатшысының 2019 жылғы атқарған жұмыстары туралы, мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов қысқаша мазмұнда, терең, мағыналы түрде хабарлама жасады. Босаға, Төменгі Қайрақты елді мекендерінің фельдшерлік амбулаториялық бөлімше ғимараттары апаттық жағдайда тұрғанын айта кетті, бюджетті нақтылаған кезде қосымша қаржы бөлініп, қарастырылып, ақылдасып шешу керектігін айта кетті. Депутаттар тарапынан түскен сұрақтар мен ұсыныс пікірлерге анық, түсінікті түрде, нақтылы жауаптарын беріп депутаттар алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Тұрақты комиссиялар қарауына ұсынылған басқа да мәселелер қаралып, талқыланып, депутаттар айтқан ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, бірінші оқылымда сессия қарауына енгізу туралы қаулылары қабылданды.

Осымен тұрақты комиссиялар отырысын аяқтады.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында 


Келулердің саны: 184