print

...

Облыс әкімі Ж.Қасымбектің ұсыныс хатының негізінде 2020 жылдың 5 наурызында аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы шақырылды.

Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың хатшысы, сессия төрағасы Бакен Төлеукұлұлы ашып, жүргізіп отырды.

Сессия жұмысына облыс әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы және облыстық ақпарат құралдарының қатысып отырды.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы   сессиясының қарауына бірғана мәселе енгізілді.

1.Шет ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы.

 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімі Ж.Қасымбек ҚР Президент Аппаратының келісіммен, Мұхит Сайлауұлы Мұхтаровтің кандидатурасын Шет ауданы әкімінің лауазымына тағайындауға келісім беруге ұсыныс жасады.

Аудандық мәслихаттың депутаттары бір ауыздан қолдау көрсетіп, Шет ауданы әкімінің лауазымына Мұхит Сайлауұлы Мұхтаровтің кандидатурасына келісім берді.

Сессия қарауына енгізілген мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданып бекітілді.

Осымен сессия өзінің жұмысын аяқтады.  

Аудандық мәслихаттың  кезектен тыс ХХХVІ-сессиясы туралы  АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР


Келулердің саны: 189